Жарнама
Білім

Түлектер білім бәйгесінде бақ сынайды

Ертең Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ХІ сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиада өтеді. Жеңімпаздарға 7 мамандық бойынша білім гранты және ақылы оқуға түрлі жеңілдіктер беріледі.

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, білім бәйгесін оқу орнының физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті ұйымдастыруда.

–Математика, физика, информатика пәндері бойынша өтетін олимпиадаға аудандар мен Атырау қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің ХІ сынып оқушылары қатысады. Қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандарға жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес, математика, физика, информатика, математика және статистика, ақпараттық технологиялар, стандарттау, сертификаттау және метрология салаларының мамандықтары бойынша білім гранты мен ақылы бөлімде оқуға арналған түрлі жеңілдік табысталады, — дейді баспасөз қызметінің хатшысы Жәнібек Ғалым.

Айта кету керек, білім додасы қазақ, орыс тілдерінде өтеді. Бағдарлама бойынша қатысушылар І кезеңде тестілеуден бақ сынаса,  екіншісінде пәндер бойынша белгіленген тапсырмаларды орындайды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button