Жарнама
Білім

Атырауда жазғы лагерлер бала қабылдауға дайын

Өңірдегі 163 мектеп жанындағы және 3 демалыс лагерінде балалардың жазғы уақыты ұйымдастырылады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласы маңындағы Талғайран ауылында орналасқан сауықтыру орнында маусымға дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады деп күтілуде. Дәл осындай жұмыстар Махамбет және Индер аудандарында да жүргізілуде. Дегенмен, облыстық білім беру басқармасы жазғы маусымға өтініш қабылдауды бастап кетті.

–Өткен оқу жылында пандемияға байланысты балалардың жазғы демалысын толықтай ұйымдастыра алмадық. Биыл біз балаларды көбірек қабылдауды жоспарлап отырмыз. Әрине, бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары жіберіледі. Ата-аналардан өтініштер Egov порталы арқылы қабылданады. Тізімдер кейінірек жарияланады, деді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Сондай-ақ, А.Дүйсекенованың айтуынша, облыстағы оқушылардың жазғы демалысы мектептерде де ұйымдастырылады. Бұл оқу орындары маусымның басында оқушылардың алғашқы легін қабылдайды. Әр лагерге кемінде 50 бала келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button