Қырық үздік түлек мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалды

64544 Білім

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және одан «шығу» тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Агенттікпен мемлекеттік қызметке кіруге қатысты жаңа тетіктер енгізілді.

Жаңашылдықтың бірі – мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің (GPA 3,33-ден жоғары) аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу мүмкіндігі.

Бүгінгі күні осы тәртіппен 40 түлек аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурссыз тағайындалды.

Тағайындалған жастар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Н.Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және т.б. өңірдегі университеттердің түлектері болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз