
Білім
Атырауда жаңа оқу жылы басталды: 15 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттады
1 қыркүйек – Білім күнінде Атырау өңірінде мерекелік көңіл-күй орнады. Таңғы мезгілде әлі ұйқысынан ояна қоймаған балақайлар ата-анасының жетектеуімен мектеп формасын киіп, қолына гүл шоқтарын ұстап, алтын ұя мектептеріне қарай бет алды.
Биыл облыс бойынша 15 мыңға жуық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты.