Жарнама
Білім

Атырауда республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі қортындыланды

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Байқауға 49 оқушы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар ережеге сәйкес 4 бағыт бойынша өз жұмыстарын қорғады.

-Байқаудың қорытындысына сәйкес I дәрежелі дипломмен 8 оқушы, II дәрежелі дипломмен 11 оқушы және III дәрежелі дипломмен 23 оқушы және алғыс хатпен 7 оқушы марапатталды. Байқау мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, сөз мәдениетін дамыту да басты міндетіміз,- деді Р.Сарбалин.

Айта кетейік, мұндай оқулар аталған орталықта жыл басынан бері бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button