Атырауда облыстық «Цифрлы ұстаз» байқауы қорытындыланды

ce941c0b ed1b 47b5 b716 2ceca52008e7 Білім

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ұйымдастырған ұстаздардың облыстық байқауы қорытындыланды.

56173b76 474f 4985 b055 4c6a4de414eb


0962c423 2848 46ab a837 0e987d7d63c9


Өңірдегі педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін ұйымдастырылған байқауға 25 жаңашыл мұғалім қатысып, бақ сынады.

Байқауға қатысушыларының жұмыстары «instagram» әлеуметтік парақшасында #atyraupedagogkonkurs хэштегімен жарияланды.

  Әлемдік деңгейде пандемия жарияланған кезде барлық жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарының студенттері мәжбүрлі түрде қашықтан оқуға көшті.
Осы орайда, ұстаздар цифрланған жүйеге көшу арқылы жаңа технологиялармен жұмыс істей бастады.

a17bd97a 9875 44a2 81f4 976662cb7fb9


  Байқау қатысушыларының кейбірі байқаудың мазмұнын түсінбей, тақырыптан ауытқып кеткен болса, қатысқан мұғалімдер арасында білім беру мен тәрбие ісінің тың тәсілдерін ұсынған үздік педагогтер де байқалды. 

1a2d36c8 2af3 42f2 a9fa e0e23bd601c3

Оқушылар мен студенттер үшін тиімді  әдіс-тәсілдер цифрланған Bilim land, Kahoot, Online mektep, Neaprod, Twig, Itest, Zoom, Іmektep т.б. бар. 

bbae98ff f125 4e4b 8569 0596c8030525

Қазылар алқасының шешімімен осындай заманауи бағдарламаларды атап қана қоймай, жұмыс жасау процесінде көрсеткен Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Қайырбек Кенжәлиев жүлделі І орынға ие болды.

ІІ орынға 16 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Саргужиева, ІІІ орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы Жауһардария Ерсайынова лайықты деп танылды.


Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық педагогтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.


53b34b40 0e56 40c0 92ea fc96b70ffd5f

Жүлдегерлерге ноутбук, телефон, планшет табысталды.
Марапаттау шарасында «Атырау-Ақпарат» ЖШС Бас директоры Ысқақ Егембердиев қатысушыларға ризашылығын білдіріп, осындай жаңашыл бағыттағы байқаулар заман талабы екеніне тоқталды.
Айта кетейік, келер жылы да аталған байқау жалғасын таппақ.

ba36c767 452b 4590 85e5 d46dd9b8f91b

 Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА,

Суреттер Ерлан Алтыбаевтікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз