Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атырауда «Математикалық регата»  олимпиадасы өтуде

«Математикалық регата» республикалық олимпиадасы Атырау өтетіндіктен, білім сайысына облыс атынан екі команда қатысауға мүмкіндік алып отыр. Қатысушы командалардың бір тобына облыстық және қалалық мектептердің мұғалімдері жиналса, екіншісі ауыл мұғалімдерінен (Индер, Исатай, Махамбет, Құрманғазы аудандарынан) құралған.

Олимпиада республикамыздың әр облысынан жалпы білім беру және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік метептері» ДББҰ-ның математика пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған.

Аталмыш дода төрт кезеңнен, әр кезең үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Бірінші тапсырма ­–  математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан берілген есептерді шығару, екінші тапсырма – геометрия бойынша есеп шығару, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» есептерді шығару.

Педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатындағы олимпиаданың міндеттері – ­мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру болып табылады.

Білім бәйгесінің қорытындысы 30 наурыз күні Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының базасында хабарланбақ.

Жан-Ерке  ХАЛИУЛЛИНА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button