АТЫРАУДА МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ТЕСТІЛЕУІН «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» БАҚЫЛАЙДЫ
Биылғы 20 шілде мен 5 тамыз аралығында магистратураға түсу үшін Атырау облысында компьютерлік форматта кешенді тестілеу өткізілуде.
Кешенді тестілеуге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және парасаттылық құндылықтарын сіңіру мақсатында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғамдық бақылаушы ретінде қатысып, тестілеудің өту барысына мониторинг жүргізуде.
⠀
Магистратураға тестілеуге қатысуға облыс бойынша 749 азамат өтініш білдірген. Ағымдағы жылдың 20 шілдесі мен 2 тамызын қоса алғанда тестілеуге қатысу керек 482 адамның 387-сі ғана тестілеуге қатысты. Келмеген адам саны 95-ті құраса, тыйым салған заттарды қолданғаны үшін 3 адам тестілеу залынан шығарылды.
Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бағытында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысушылардың тестілеу залдарына талапқа сәйкес жіберілуін қадағалап, тестілеу процесін залдарда орнатылған бейнекамералар арқылы онлайн режимде бақылауда.
⠀
Сонымен қатар, жобалық кеңсемен жүргізілген мониторинг кезінде тыйым салынған заттарды пайдалану фактілерін анықтау және жалған адамдардың қатысуын болдырмау, қандай да бір «уағдаластыққа» жол бермеу жұмыстары жүргізілуде.