Атырауда Колорадо тау-кен мектебінің филиалы ашылады

3456a547 1fff 49db a14e ced56efcca64 Білім

Колорадо тау-кен мектебі делегациясы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне келді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Колорадо тау-кен мектебі және М.Асаубаева қайырымдылық қоры арасында меморандумға қол қойылған болатын. 

“Колорадо тау-кен мектебі жаһандық даму жөніндегі вице-президенті Джон Брэдфорд бастаған делегация елімізге сапарын Астанадан бастап, Қазақстандағы АҚШ елшілігінде, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Энергетика министрлігінде кездесулер өткізді”,- делінген ақпаратта. 

Білім беру саласындағы серіктестікті нығайту және кеңейту – Атырау мұнай және газ университетінің түлектеріне еңбек нарығында жоғары артықшылық беретін басым бағыттарының бірі. Білім беруді интернационалдандыру – әлемдік білім беру кеңістігіне енудің маңызды қадамы.

8658dca4 43e4 4958 af18 b7bb3c212dac

“Өзара тиімді ынтымақтастық аясында университеттер кадрлардың біліктілігін арттыру, қысқа мерзімді курстарды, дәрістер мен кәсіби семинарларды ұйымдастыру; бірлескен білім беру бағдарламаларын құру; ғылыми және инновациялық жобалар бойынша бірлескен жұмыс; тәжірибе, білім және оқытушылармен алмасу және

Атырауда Колорадо тау-кен мектебінің филиалын ашуды жоспарлап отыр.

Колорадо тау-кен мектебі – инженерлік және қолданбалы ғылымдар бойынша қоғамдық ғылыми-зерттеу институты. АҚШ-тағы мемлекеттік университеттер арасында жоғары рейтингтен көрініп келе жатқан Colorado School of Mines тау-кен инженериясы бойынша әлемде №1 және мұнай және газ инженериясы бойынша 9-орында”,- делінген жазбада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз