![Атырауда ІТ бағытындағы лагерь ашылды 1 0682f224 ddf8 412b a34f 6d41bc048b0a](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/06/0682f224-ddf8-412b-a34f-6d41bc048b0a.jpg)
Білім
Атырауда ІТ бағытындағы лагерь ашылды
Атырау қаласында тұңғыш рет ІТ бағытындағы лагерь жұмысын бастады. «IT Camp Polytech» деп аталатын жазғы лагерь Атырау жоғары политехникалық колледжі базасында орналасқан. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.
![Атырауда ІТ бағытындағы лагерь ашылды 2 76b8e829 2a1f 4d7f bdf3 3e517a5c9fee](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/06/76b8e829-2a1f-4d7f-bdf3-3e517a5c9fee-1024x682.jpg)
–Жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізу үшін бізді таңдаған мектеп оқушыларын жазғы лагерьде қуана қарсы алдық. Балалар IT әлемнің қыр-сырын үйренуге кірісіп кетті, — дейді колледж директоры Бағыт Шеркешбаева.
![Атырауда ІТ бағытындағы лагерь ашылды 3 acce6152 1d3e 4786 ac7c c71c796d333b](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/06/acce6152-1d3e-4786-ac7c-c71c796d333b-1024x682.jpg)
Қазір балалар 3D модельдеу, Python тілінде бағдарламалауды бастады. Алдағы уақытта лагерь қатысушылары үшін түрлі шеберлік сыныптары, тренингтер, саяхаттар ұйымдастырылады.
Асылым ЖАҢАЙ