КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫҚ

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.

 

Жаңа ақпараттық технология Электрондық катологты құруда «РАББИС», «АБИС» электрондық бағдарламасына көшірілді. Барлық  мектеп бағдарлама бойынша автоматтандырылған.

Биылғы 2015-2016 оқу жылына кітапхана қызметкерлері құлшыныспен жұмысқа кірісуде. Себебі, мектеп оқулықтары қуантарлық жағдайда жеткізілді. Мысалы: шағын орталыққа «Шикула» баспасынан, даярлық тобына «Алматыкітап», 4, 5, 6 қазақ, орыс сыныптары үшін «Атамұра» баспасынан, «Жазушы», «Полиграфия» баспаларынан келген оқулықтар.

Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда. Кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмасын, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.

Ақайжан ТАҒАЕВА,

№9 мектептің кітапхана меңгерушісі,

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз