Жарнама
Білім

Атырауда Халықаралық конференция өтті

UTEBAYEV UNIVERSITY-де техника ғылымдарының докторы, профессор
Ғилажов Есенғали Ғилажұлының 75 жас мерейтойына арналған «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨҢДЕУ МЕН МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ» тақырыбында Халықаралық ғылыми семинар өтті.

582a2bea b3bc 4971 9023 54c4c55e032d

Іс-шара онлайн-офлайн форматта өтіп, Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Конференция барысында мұнай-химия саласындағы инновациялық зерттеу әдістері мен жаңа технологиялар бойынша баяндамалар жасалды. Ғылыми отырыстың шымылдығын Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор Ринат Искоков ашып, Есенгелді Ғилажұлын мерейлі жасымен құттықтап, университеттің ғылыми әлеуеті жөнінде сөз қозғады.

-Жарты ғасырға жуық өмірін ғылым саласына арнаған Есенгелді Ғилажұлы әлі де докторанттарды дайындап, зерттеу жұмыстарына өз үлесін қосып жүр. Бүгінде біздің басты мақсатымыз ғылыми зерттеулерді жандандырып, халықаралық серіктестік аясын кеңейту. Ғылыми семинар – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Академик Есенғали Ғилажұлының еңбектері мұнай-газ өңдеу саласына зор үлес қосты және біз бұл ғылыми дәстүрді одан ары жалғастырамыз деп ойлаймын,- деді Р.Искаков.

Сондай-ақ іс-шара барысында ғалымның әріптестері, үзеңгілес достары, шәкірттері мен балалары Есенгелді Ғилажұлын құттықтап, еңбек жолы, ғылыми зерттеулері туралы сөз сөйледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button