Атырауда ер адам суға батып кетті

927f5167 5a40 4b04 84c7 3303697ced3c Білім

Атырауда 1965 жылы туған ер адам суға түсуге тыйым салынған жерде шомылу кезінде батып кеткен.

Қайғылы оқиға 7 тамыз күні Атырау қаласы Талқайран ауылының тұсында болған.

«Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткен кезде, ер азаматтың жабдықталмаған, суға түсуге тыйым салынған жерде суға шомылу кезінде батып кеткені анықталды. Құтқарушылар су асты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, сағат 17:27 шамасында ер азаматтың денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы, 1 бірлік қайық жұмылдырылды», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 11 адам суға батып кетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз