Жарнама
Білім

Атырауда биыл 7 мектеп пен  1 жапсаржай пайдалануға беріледі

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram каналында жазды.

Облыс әкімінің орынбасары кеше жұмыс күнінің аяғында мектептер құрылысына жауапты жұмыс тобымен кездесіп алдағы жоспарларды пысықтағанын хабарлады.

“Жоспарымызды нақтылай келе, жыл аяғына дейін жалпы саны 6450 орынға шақталған жаңа мектептер оқушыларға қызмет етеді деп күтілуде.

Қолданысқа берілетін жаңа мектептер қатарында Атырау қаласы  бойынша 5 мектеп бар.

0c19ddb3 dd02 4f35 b15b 0e1fa47992a4

Нақтыласақ, облыс орталығындағы Нұрсая, Сарыарқа ықшамаудандарындағы Binom мектебі, Жаңаталап, Ақжар ауылындағы мектептер, Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп және Махамбет ауданында,  Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында мектептің жапсарсайы қолданысқа берілмек.

51e050e9 aac5 4fef aa8b ee644744358e

Келесі жылы облыс бойынша 18 мектеп қолданысқа беріледі. Оның ішінде, 9 білім ордасы «жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады.

Осылайша, мектептердің  2 ауысымда білім беретінін ескерсек, 2023-2024 жылдары мектептерде 26 мыңнан астам орын құрылады”,- деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button