Атырауда «Алтын сақа-2021» олимпиадасының жүлдегерлері анықталды

whatsapp image 2021 12 22 at 10.30.34 Білім

Атырауда республикалық «Алтын сақа-2021» олимпиадасының облыстық кезеңіндегі жүлдегерлері марапатталды.

whatsapp image 2021 12 22 at 10.30.33 1

̶  «Алтын сақа» олимпиадасы V-VI сыныптар аралығында өткізіліп келеді. Облыстық кезеңде өңірден жеті аудан мен қала мектептерінің оқушылары қатысып, биік тұғырдан көрінді. Барлық марапат иелеріне «Зерделі» ақыл-ой мектебінде оқуға жеңілдіктер мен ақшалай сертификаттар табысталды, – дейді Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин.

Оқушылардың білімділігі мен біліктілігін дәлелдейтін сайыста 16 қатысушы грамота, 5 қатынасушы жүлделі ІІІ – ІІ орынмен марапатталса, Қуатұлы Арсен, Сайлау Абдулазиз, Қайнен Асылан, Ереулиев Тарлан І орынды қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, №17 мектеп-лицейінің алтыншы сынып оқушысы Ереулиев Тарлан  Халықаралық математикалық (IMO) олимпиадасынан қола медаль иеленді. Ағылшын тілінде өткен олимпиададан жүзден –  жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған Тарлан былтырғы республикалық «Алтын сақа» олимпиадасынан бас жүлдемен оралған болатын.

whatsapp image 2021 12 22 at 10.30.32

Олимпиадаға оқушыларды дайындаған бір топ ұстаздар мен мектеп директорлары арнайы марапатқа ие болды.

Бас жүлде  Атырау қаласы №38 мектеп-лицей

І орын  Мақат ауданы О.Сарғұнанов орта мектеп

ІІ орын Атырау қалалық №16 мектеп-лицей

ІІІ орын Атырау қалалық №15 мектеп-лицей

ІІІ орын Атырау қалалық №17 мектеп-лицей

ІІІ орын Атырау қалалық №10 мектеп-лицей

Олимпиада дарынды балаларды қолдау мақсатында Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп өткізуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз