«Болашаққа»барасызба?

«Болашақ» бағдарламасы биыл инженерлік-техникалық мамандықтарды меңгерген кадрларды тарту арқылы үміткерлер санын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының президенті Ғани Нығыметов атыраулық үміткерлермен кездесуінде айтты. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізген шарада бағдарламадан үміткерлер өз сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Одан әрі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау облыстық филиалында  Ғани Нығыметов жергілікті журналистерге сұхбат берді. Онда аталған бағдарламаға іріктеудің жаңа қағидалары мен биылғы  стипендияны тағайындау конкурсына қандай құжаттар керек екендігі кеңінен сөз болды.

– Мемлекеттің ауқымды индустриализациялануы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі реформаларды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жаңа міндеттер жүктеді. Қазақстан экономикасын диверсификациялап, индустриализациялау үшін мемлекеттік дағдарысқа қарсы кешенді өзгерістерді жүзеге асыру қажет. Сондықтан, Елбасы әлемдік деңгейдегі техникалық кадрларды даярлау жүйесін барынша арттыруды тапсырды. Биылдан бастап магистр дәрежесін алуға «инженерлік-техникалық қызметкерлер» деген жаңа санат енгізілді. Бұл санат бойынша өндірістік секторда  кем дегенде екі жылдық еңбек өтілімі бар мамандар оқытылады, – дейді Ғани Сақтағанұлы.

 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз