Жарнама
Білім

Атырауда 6 мыңға жуық түлек мектеп бітіруде

Бүгін, 25 мамыр — соңғы қоңырау салтанаты. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың хабарлауынша, 2023-2024 оқу жылын аймақта 224 мектеп бойынша 5964 түлек бітіріп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік мектептерде — 5 474, жекеменшік білім ордаларында 490 түлек бар.

-2023-2024 оқу жылын 1-11 сыныптар аралығында 149 187 бала аяқтады. Оның ішінде мемлекеттік емтихандарды тапсыратын негізгі орта және орта білімді аяқтайтын оқушылар бар. Негізгі орта білім деңгейін, яғни 9 сыныпты 12 мыңнан астам оқушы бітірді. Ал орта білімді ақтайтын оқушылар саны – 6 мыңға жуық. Сонымен қатар қорытынды аттестаттау дайындығы облыстың барлық білім беру мекемелерінде жүргізілді, бұған дейін бұл жұмыс бағытындағы ерекшеліктер және емтихан тапсырмаларын дайындау мен түсіндіру бойынша арнайы семинарлар өтті, — деді О.Биманова.

Айта кету керек, облыста «Алтын белгіге» 125 түлек үміткер болса, Үздік аттестатқа үміткерлер саны 329-ды құрайды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button