Атырауда 159 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

355370591 645669047588677 4103534538646695482 n Білім

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Алтын белгі» иегерлерін қабылдап, оларды марапаттарымен құттықтады.

355698456 645669037588678 4228666204882087093 n

– Бүгін біздің аялап өсірген ұл-қыздарымыз өзінің өмір жолындағы ең басты қадамын басқалы отыр. Бұл шараға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар қатысып отыр. Қазіргі түлектеріміз – ертеңгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. «Мен жастарға сенемін» демекші, біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Еліміздің көк байрағын көкте желбірете беріңіздер! Қымбатты ата-аналар! Бұл көптен күткен сәт. Бала өсірген соң, оған сапалы білім беру басты мақсатымыз болды. Ақ сүтіңіз ақталып, ұл-қыздарыңыз абырой биігінен көрініп отыр. Сіздердің бұл еңбегіңізге алғысым шексіз! Сонымен қатар, бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Атыңызды оздырып, елінің намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын! – деді С.Шәпкенов.

355448269 645669027588679 253897550796677523 n

Жиында Серік Шәпкенов 159 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін тағып, облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Айта кету керек, облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын белгі» иелерін қабылдау дәстүрі  пандемиядан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз