Жарнама
Білім

«Сарайшық» командасы – республикалық олимпиада жүлдегерлері

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Тарих» мамандығының студенттері Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өткен «Қазақ елі тарихындағы Жошы ұлысы: мәні мен маңызы» атты XV республикалық студенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі оралды.

Аталған университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш кезеңді қамтыған білім додасында студенттер бірлескен жобаларын қорғап, тест орындау арқылы педагогикалық шеберліктерін шыңдады. Олимпиадаға әр облыстан жоғары оқу орындары арасында 11 команда қатысып, бақ сынады. Екі күнге созылған білім бәйгесінің топтық кезеңінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Сарайшық» командасы үздік көрсеткішке ие болып, топ жарды.

Университет студенттері Дана Абатқызы, Абай Тайпақ, Ақниет Ақымғалиева, Бектас Шопанұлынан құралған «Сарайшық» командасы топтық кезеңде қарсыластарынан басып озып, намысты қолдан бермеді. Дәстүрлі түрде өтетін бұл пәндік олимпиаданың маңызы зор. Себебі біз кең байтақ жерімізде өмір сүрген тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа дәріптеу арқылы олардың елге, жерге, Отанға деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетіп, мұны жастардың бойына дарыта білуіміз керек, — дейді «Сарайшық» командасының жетекшісі, аға оқытушы Амангелді Зайынов.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button