Мыңнан астам түлек диплом алды

img 20220629 wa0034 Білім

Өңіріміздегі мұнай-газ саласының мамандарын даярлайтын көшбасшы жоғары оқу орыны – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін биыл мыңнан аса түлек тәмамдап, қолдарына диплом алды.

Елімізде коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын университет қабырғасында білім алған жастарға диплом тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтті.  

С.Өтебаев атындағы Атырау мүнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуынша, мұнда мұнай-газ кешенінің жетекші өндірістік компаниялармен тығыз байланыс орнатылып, зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары білім ордасынан түлеп ұшқан мамандарға деген сұраныс та артқан.

– Мемлекетіміздің болашағы жастардың талантын, шығармашылығын, бастамаларын қолдау, белсенділігін арттыру, рухани-мәдени әлеуетін дамыту, азаматтық ұстанымын нығайту біздің – ортақ міндетіміз. Білікті профессор-оқытушыларымыз қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен әлемдік озық тәжірибені қолдана отырып, еліміздің мұнай-газ кешеніне еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлап келеді.

Жастар синергиясы – Қазақстанның болашақ жеңістерінің кепілі. Сіз бен біздің бірлескен күш-жігеріміз Жаңа Қазақстанды биік белестерге бастайтын болады, – деді ол.

 Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз