Жарнама
Білім

Атырауда 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды

Атырауда 3-сәуірден бастап жалпы орта білім беретін мектептерге бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқарманың мәліметінше, биылғы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа болжаммен 14 876 бала келеді деп күтіліп отыр. Ата-аналар құжаттарын «электрондық үкімет» www.egov.kz, веб-порталы арқылы тапсырады. Қажетті құжаттар тізімінде ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы паспорты (ф-026, ф-063), екі дана 3×4 көлемендігі фото бар.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жүргізіледі.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button