Жарнама
Білім

“Атырау жаңа мектебі” бағдарламасы өз мәресіне жетті

Атырауда мектептерді басқару тәсілдерін алты ай ішінде өзгертуді мақсат еткен ең ауқымды “Атырау жаңа мектебі” қайта даярлау бағдарламасы аяқталды. Осыған орай Абай атындағы орталықта салтанатты шара өтті.

510bc464 45a8 4145 bab7 c3db0845082a

Өткен жылы қарашада басталған қайта даярлау бағдарламасы өңірдегі 50 мектептің басқару командалары үшін алғашқы кең ауқымды оқыту жобасы болды. Осы уақыт ішінде Атырау облысының 150 директоры мен директордың орынбасары кадрлық басқару, қаржылық менеджмент, стратегиялық жоспарлау, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, цифрлық трансформация және мектептердің жеке даму бағдарламаларын жасау бағыттары бойынша қайта даярлаудан өтті. Бағдарламада Эстония, Финляндия, Түркия, Ресей және Қазақстаннан келген 40-тан астам танымал сарапшылар мен мектеп директорлары жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді.

dc79f31b 6f03 41d4 9309 08aa20cd9fc0

Салтанатты жиынға онлайн форматта қатысқан облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов құттықтау сөз сөйледі.
— Бағдарлама аясында 7 оқу модулі ұйымдастырылды, олардың 5-і оффлайн форматта, 2-і — Қазақстан, Финляндия және Эстония елдеріндегі тағылымдамалар түрінде өтті. Қатысушылар әлемнің жетекші мектептеріндегі заманауи оқыту және басқару әдістерімен танысты. Бағдарламаны Сингапур, Түркия, Финляндия, Эстония, Ресей және басқа елдерден келген 40-тан астам халықаралық сарапшы жүргізді. Әр сарапшы өз елінің білім беру жүйесіне қатысты бірегей тәжірибесімен бөлісті. 50 мектеп директоры Финляндия мен Эстонияның үздік мектептерінде тағылымдамадан өтіп, оқытуды басқару, мұғалімдерді даярлау, адами ресурстарды басқару және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту жүйелерімен танысты,-деген ол жобаның алдағы уақытта жалғасын табатынын қаперге берді.
Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева жобаға қатысушыларға арнайы дипломдарды табыс етті.

445bf8b7 ea2f 4799 b804 1115292865ce


Қатысушылар жаңа жобаның Атырау облысында білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болғанын жеткізді. Олардың айтуынша, “Атырау жаңа мектебі» бағдарламасы көшбасшылық қасиет пен саладағы өзгерістер мәдениетін қалыптастырады екен. Бұл өңірдегі білім беру ортасының дамуына ұзақ мерзімді әсер етпек. Жаңа басқару әдістері мен оқыту тәсілдерін енгізу болашақ ұрпақтың табысты нәтижелерінің негізіне айналады деп жоспарлануда.
Шара барысында бағдарлама қатысушылары өз мектептерінің даму стратегияларын ұсынды. Бұл жобалар биылғы жылдан бастап жүзеге асырылады және өңірдегі білім сапасын едәуір жақсартуға септігін тигізбекші.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button