Атырау облыстық білім беру басқармасында – жаңа басшы

4p5a6336 Білім

Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы болып Гүлнар Сәдуақасова тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа басшыны ұжымға таныстырды.

Гүлнар Сәдуақасова еңбек жолын 1989 жылы бұрынғы Гурьев музыка училищесі, қазіргі «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде концертмейстер қызметінен бастаған. 1993-2007 жылдары колледжде музыка теориясы пәнінен оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары боп жұмыс істеді. 2007 жылдың қазан айынан бүгінге дейін «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар Гүлнар Сәдуақасова облыстық балалар музыка мектептері басшылары Кеңесінің төрайымы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз