Атырау университетінде археологиялық зертхана ашылды

ap 951519032538 Білім

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының базасында археологиялық оқу-әдістемелік зертхана ашылды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жаңа зертхананың мақсаты – аймақтағы археологиялық нысандарды зерттеу, жастарды ғылыми зерттеулерге тарту, олардың археология мен тарихқа деген қызығушылығын арттыру.

  • – Университет археологтары аймақтың археологиялық зерттеулеріне өз үлестерін қосып келеді. Олардың жаз айларында ежелгі Сарайшық қаласының қазба жұмыстарына қатысып, көптеген құнды жәдігерлер тапқаны белгілі. Сондықтан зертхананың ашылуы болашақта өңірден құнды жәдігерлердің табылуына жол ашады деп ойлаймын, деді университет ректоры Саламат Идрисов.

Айта кетейік, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге арнайы лицензиясы бар еліміздің жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Сонымен қатар жаңа археологиялық оқу-әдістемелік зертхана студенттер мен жас ғалымдарға өңірдегі археологиялық нысандарды кезең-кезеңімен зерттеу мүмкіндігін ұсынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз