Мектеп оқушыларының каникул мерзімі белгілі болды

cwz4hty1acamobhonil0alvpuchdj8f8fe69czak.png width1200xheightautoxtype1 Білім

ҚР Оқу-ағарту министрлігі көктемгі демалыстың мерзімін жариялады: олар 9 күнге созылады.

«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурызын қоса алғанда 9 күнге созылады», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:

1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі үзіліс – 9 күн (18-нен 26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан – 10 апта;

1-сыныпта қосымша демалыстар – 7 күн (6-12 ақпанды қоса алғанда).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз