Жарнама
Білім

Атырау облысында білім сапасы жақсарған

Бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Оқу-ағарту вице-министрі  Еділ Оспан жұртшылықпен есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

APEC PetroTechnic жоғары колледжі базасындағы шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков, сала ардагерлері, мектеп және оқу орындарының басшылары, ұстаздар қауымы қатысты.

dcd63867 aea8 450b 9f12 d7def0ba2a97

–Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселенің бірі – педагог мамандығының мәртебесі бекітілді. Мұғалімдердің жалақысы көтеріліп, жұмыс жағдайы жақсарды. Артық функциялардан босатылып, кәсіби даму мүмкіндіктері қарастырылды. Ал, кеше ғана жарияланған жаһандық рейтингтің нәтижелері де біздің ұстаздардың еңбегінің нәтижесі. Сүйінші  жаңалық  – PISA-2022 халықаралық бағалауының нәтижелері бойынша Атырау облысы 20 аймақ ішіндегі білім сапасы бойынша 19-орыннан 15-орынға көтерілді. Математикалық сауаттылықта (14-орын), оқу сауаттылығында (11-орын) және ғылыми сауаттылықта (12-орын) өсу динамикасы бар. 2018 жылғы зерттеу бойынша Атырау 19-шы орында болған, бірақ соңғы зерттеу оң өзгерістерді көрсетті, — деген вице-министр бұл жетістік педагогтардың еселі еңбегінің арқасы екенін атап өтті.

a9550d17 34d9 4e4d 97bb 9b8e22805115

Кездесуде Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев бірқатар мәселеден хабардар етті.

Сондай-ақ білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қилымғали Қайненов мектептерге ер мұғалімдерді тартуға  және тіл мәселесіне қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button