Қазақстанда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

20190513162511 Білім

Аtr.kz/13 мамыр, 2019 жыл. 15 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. Министрлік ата-аналарды жалпыұлттық жиналысқа қатысуға шақырды.

«ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз