Жарнама
Білім

Атырау мұнай және газ университетінің студенттері Қытайға барды

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің (UTEbAYEV UNIVERSITY) студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасындағы Қарамай кәсіби-техникалық колледжі ұйымдастырған жазғы мектепке қатысты. Аталған бағдарлама Цзинши институтының қолдауымен жүзеге асырылып, екі жоғары оқу орны арасындағы мұнай инженериясы мен мәдениет саласындағы әріптестікті дамытуға бағытталған.

c04f84f2 17ed 42ba 985b 57181d21dc22

Жазғы мектеп бағдарламасына теориялық дәрістер, практикалық тренингтер мен оқу-өндірістік экскурсиялар енді. Студенттер мұнай-газ саласына қатысты бірқатар маңызды тақырыптар бойынша, атап айтсақ, бұрғылау кезіндегі апаттарды талдау және жою әдістері; апаттық жағдайларда қолданылатын жабдықтармен жұмысістеу; мұнай мен газды сақтау және тасымалдау жүйелерімен практикалық танысу; газ-мұнай фонтанын жою және төтенше жағдайларды модельдеу бойынша жаттығулар бағытында білімдерін жетілдірді.

d6b0b565 4699 4270 a068 8a88a43f855f

– Сапар барысында «Мұнай: көп қырлы құнды қазына» тақырыбындағы мазмұнды дәріске қатыстық. Сонымен қатар, Сяогуай ауылында орналасқан заманауи Smart Ranch фермасының жұмысымен таныстық. Бұл жерде жасанды интеллект арқылы басқарылатын ауылшаруашылығы жобалары көрсетілді. Бұдан бөлек, Душаньцзы мұнай-химия компаниясында, Шыңжаңдағы жаңа энергетика индустриясы кәсіпорындарында, сондай-ақ Қарамай жоғары технологиялық паркінде болдық. Бұл сапар барысында өндірістегі заманауи технологиялардың қарқынды дамып жатқандығына куә болдық, — дейді UTEBAYEV UNIVERSITY студенті СәтжанТұнықбай.

Бағдарлама аясындағы тәжірибелік бағыттың арқасында қатысушылар университет қабырғасында алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік алды және Қытайдың мұнай өнеркәсібінде қолданылып жатқан озық технологиялармен танысты.

– Бұл халықаралық бастама академиялық ұтқырлық аясында жүзеге асырылып, студенттердің кәсіби, мәдени құзыреттіліктерін дамытуға, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған. Мұндай жобалар студенттердің жаһандық кәсіби ойлау қабілетін қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олар үшін шетелде білімалуға мүмкіндік жасау жолындағы жұмыстарды жалғастырамыз, — деп атап өтті  UTEBAYEVUNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button