Атырауда Atyrau International Petroleum Olympiads халықаралық техникалық Олимпиадасы өтті, деп хабарлайды «APEC PetroTechnic» колледжінің баспасөз қызметі.
Екінші рет өткен шараға 40 студент қатысты. Олар болашақ мұнайшылар мен геологиялық барлаушыларды дайындайтын Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының атынан келді. Мұндағы басты мақсат — тәжірибе алмасу, байланыстары кеңейтіп, мұнайшы-студентердің біліктіліктерін жетілдіру.
«Басқосуға қатысушылар зертханалаық жұмыстарды атқарып, брейн-ринг, тимбилдинг және пікірталас алаңдарында сөз сөйледі. Бұған қоса, жарысқа қатысушы әрбір азаматтың мұнайгаз кенішін салу бойынша өзінің жеке жобасы болуы қажет еді», — дейді «APEC PetroTechnic» колледжінің ЖШС-нің директоры Ермек Кузембаев.
Хорлан СМАДИЯР