«Аталар жолымен, ағалар ізімен»

Аталар жолымен а алар Білім

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық  гимназиясында «Аталар жолымен, ағалар ізімен» атты салтанатты кеш өтті.

%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b0__%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80

Аталмыш кешке республикалық ардагерлер Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, академик, тарих ғылымдарының докторы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Өмірзақ Озғанбаев, «Құрмет» орденінің иегері, I, II шақырылған  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермек Келемсейіт, жазушы-аудармашы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылымдар сараптамасы кеңесінің мүшесі Ғосман  Төлеғұл, «Қазақстан-Заман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызы қатысты.

%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b0__%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%c2%a6%d0%b7%c2%a6%d0%bc%d0%b5%d0%bd

Қатысушы қонақтар биылдан бастап жаңа ғимаратқа көшкен оқу корпусымен  танысып,  ұлттық орда ұстаздары мен шәкірттері алдында өнегелі өмір жолдары жайлы сыр шертіп, салиқалы әңгіме өрбітті. «Алдыңғы толқын – ағамен, кейінгі толқын інімен» сырласқан кездесу кеші ақжарма тілектерге, ән-шашуларға ұласты. Ел келешегіне үлес қосуға асыққан дарынды шәкірттердің өнеріне, білімі мен біліктеріне риза болған облыстық білім басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауқызы мектеп ұжымына алғысын білдірді. Салтанатты кештің екінші бөлімінде ұлттық гимназия директоры, Қазақстан педагогика ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек  Даумовтың «Педагогикалық менеджменттегі корпоративтік мәдениет» ғылыми-танымдық оқу кітабының тұсауы кесілді.  Рухани өмірдің нәр берер тамыршысы, баға жетпес асыл құнды мұра кітапта екенін дәл түсіндіре білген педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғабит Базарғалиев баспадан шыққан су жаңа оқу құралының мазмұны мен ішкі құрылымын жұртшылыққа кеңінен таныстырып өтті.

Дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназия директоры Нұрлыбек Даумовтың көп жылғы ізденісі, жаңалыққа құштар табандылығымен жаңа заманауи ғылымның дамуына жол салған еңбегінің салтанатты тұсаукесер рәсімі жасалды. Оған қатысқан Өмірзақ Озғанбайұлы мен Ғосман Төлеғұлұлы кітап авторына ағалық, әкелік алғыстарын айтып, шығармашылық еңбегіне зор табыс тіледі. Бұл еңбек Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар тойланғалы отырған ұлттық гимназияның да айтулы   мерейтойына тартуы деп білеміз.

Айжан Сәпиева,

Атырау облыстық

Ұлттық гимназияның гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз