Атырауда «7 – 20 – 25» бағдарламасының алғашқы жарнасын азайту жолдары қарастырылуда

WhatsApp Image 2018 10 10 at 16.58.24 2 Жаңалықтар

Ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста алғашқы жарнаны азайтудың екі түрі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйінде өткен актив жиында хабарлады.

WhatsApp Image 2018-10-10 at 16.58.24 (2)

«7 – 20 – 25» бағдарламасына қатысушыларға берілетін әлеуметтік көмек немесе пайызсыз ссуда – тұрғын үй аларда несие алушының төлейтін 20%-дық көлемдегі алғашқы жарнасын азайтуды көздейді. Әлеуметтік көмек несие алушыға бір реттік 1 млн. теңге көлемінде беріледі. Мұндағы мақсат – әлеуметтік көмек беруден білікті мамандардың корпусын жасақтау. Пайызсыз ссуда – алғашқы жарнаның 10%-ын 15 жылға дейін бөліп беруді қарастырады. Әкімдік тарапынан алғашқы жарнаны төлеу бойынша көрсетілетін көмек – тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіндегі адамдарды азайтады» деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер сараланған жиында.

Айта кетелік, «7 – 20 – 25» бағдарламасы Атырау облысында сәтті іске асырылуда. Бүгінгі күні 1024,9 млн теңгеге 80 өтінім түсіп, 707 млн теңгенің 55 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде, 38 отбасы нақты баспаналы болды.

Тұрғын үй құрылысын жалғастыру мақсатында аймақта жалпы көлемі 1400 га болатын аумақ бөлініп, жаңа ықшам аудандарда 25 мыңнан аса пәтерлік 430 көпқатарлы тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда.

            Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. lady in red

    Керемет!!!