ЕРКІНҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН НЕ МАЗАЛАЙДЫ?

screenshot 20220610 171619 Шаһар шырайы

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау және Еркінқала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Серік Шәпкенов атқарылған жұмыстар жайында баяндап, алдағы жоспармен бөлісті. Тұрғындардың сауалдарын тыңдады.

Атырау ауылдық округінің тұрғындары көше жарықтары, ауыз су, көшелерге астфальт төсеу және т.б. мәселелерді көтерді. Аймақ басшымы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Айта кетейік, Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап, Қызылбалық және Құрманғазы ауылында 11 мыңнан астам адам тұрады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Еркінқала ауылының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындар Ракуша ауылында әлеуметтік нысандар салу, ауылішілік жолдарды жөндеу, қоғамдық көліктің кестесін қайта қарау, ауыз су мәселесін және т.б. сұрақтарды көтерді.

Аймақ басшысы ауылда әлеуметтік нысандар салу мәселесі өзекті екенін айтты. Ұсыныстарды тыңдап, тұрғындар сауалына жауап берді.

  • – Халықпен ашық және тығыз байланыс орнату мақсатында ауылдық елді мекендерді аралап, тұрғындармен тікелей кездесіп жүрмін. Бұл алдымен жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Тұрғындар көтерген мәселелер өзектілігіне орай заң аясында жүйелі түрде шешіледі,деді Серік Шәпкенов.

Жиыннан соң азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бүгінде Еркінқала ауылдық округіне қарасты Еркінқала және Ракуша ауылында 2 779 адам тұрады.

Айта кетейік, облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі аталған ауылдық округтердің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз