АЛТЫ ТҮЛЕК – «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР
Биылғы жылғы оның түлектерінің саны — 90. Оның 83-і ҰБТ-да бағын сынамақ. Ал, қалған 7 оқушы шетелдік оқу орындарына түспек. «Алтын белгіге» үміткер 6 шәкірт – халықаралық, республикалық олимпиадада намысты қолдан бермегендер. Үздік аттестатқа ұсынылып отырған 5 оқушы да осал емес, ғылыми жобалар, білім бәйгелерінің жеңімпаздары көрінеді.
Ж. Досмұхамбетов атындағы лицейдің ұстаздары мен оқушылары «Соңғы қоңырау» салтанатына әдеттегіден ерекше әзірленіпті. «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы» аясында өткен салтанатты ашқан Ж. Досмұхамбетов атындағы лицей директоры Феруза Шәңгереева жас түлектерге сәт сапар тіледі. Мектеп бітірушілер мен ұстаздар ұжымын осынау ұмытылмас сәтпен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева бұл оқу ордасы шәкірттерінің республика, облыс намысын қолдан бермей, халықаралық білім додаларында жүлделі орындар алғанын атап өтіп, түлектерге ақ жол, мектеп-лицейге тың табыстар тіледі.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.