Жарнама
Білім

Әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаларға 46 мың теңгеден көмек көрсетіледі

Атырау облысында атаулы көмектің мөлшері өсті: биыл әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға 46 228 теңге көлеміндегі қаржылай қолдау көрсетіледі,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында аймақтағы әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға көрсетілетін атаулы көмектің мөлшері артты. Бұрын бір балаға 43 407 теңге бөлінсе, биыл бұл сома 6,5% өсіп отыр.

img 0183 1
  • Аталған көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінеді. Қаржы ата-аналар мен олардың заңды өкілдерінің есепшоттарына тікелей аударылады. Айта кетейік, былтыр облыс бойынша 20 619 балаға қаржылай көмек көрсетілген. Биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету үшін жергілікті өндіріс орындары мен еріктілер тартылмақ,- деді Атырау облыстық Білім беру басқармасының өкілі Қадыржан Сапаров.

Еске салсақ, өткен жылы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 1226 балаға жергілікті кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен қосымша материалдық көмек берілген еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button