«Қош келдің, студент!»

қоғам Білім

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Атырау мұнай және газ университеті жастарды студент қатарына салтанатты жағдайда қабылдады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында университет мәртебесіне ие болған білім ордасына биыл төрт мыңға жуық жас оқуға түсті. Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысты.

%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc

Болашақ маман иелері өзде-рінің төл мерекелерін бұл жолы өзгеше форматта ұйымдастырды. Студенттік өмірге жаңа қадам басқан кезеңнен бастап жас түлек атанғанға дейінгі шақ көрермен назарына көрініс ре-тінде ұсынылды. Оқу орны студенттері күні кеше ғана «алтын ұя» мектебімен қоштасқан «бірінші курстықтармен» университетте өтіп жатқан қызғылықты сәттерімен бөлісті.

Атап айтсақ,  жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ордасы егемендігімізге қол жеткізгеннен бергі 25 жыл ішінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының біріне айналып отыр. Бүгінде Атырау мұнай және газ университеті бакалавриаттың 26 мамандығы бойынша жас кадрларды даярлау үстінде. Әлемнің 65 жоғары оқу орнымен халықаралық әріптестік орнатқан білім ордасы стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес бірқатар істі қолға алды. Мәселен, «Индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму – 2» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша еліміздегі үздік он жоғары  оқу орны  қатарынан орын алған. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тартуда университеттің профессор-оқытушылар құрамы жастармен бірлесіп, бірнеше жобаның өміршеңдігін дәлелдеді.

%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc3

Университетте жас буын өкілдерінің білім алуымен қатар, бос уақытын тиімді өткізуіне де толық жағдай жасалған. Кино, пікірсайыс, әлемдік саясат клубтарымен қатар, мұнда «Ашық аспан астындағы технологиялық мұражай» іске қосылған. Ондағы экспонаттар мұнай-газ кешеніндегі технологияларға арналған. Бұдан басқа «Серпін – 2050» жобасы аясында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан келген студенттерді оқуға қабылдаса, университет жастары Польша, Франция елдерінде білімдерін жетілдіріп жатыр екен.

Салтанатты жиында студенттерге сәттілік тілеген Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әли Әбішев  ағымдағы оқу жылының басты жаңалығы – Тәуелсіз-дігіміздің 25 жылдығы екендігіне баса тоқталды.

– Осынау тарихи жылдар ішінде білім мен ғылым саласы ешуақытта назардан тыс қалып көрген жоқ, үнемі қолдау мен қамқорлыққа ие болып келеді. Елбасымыз дәстүрлi Жолдауын­да аталған салаларды дамытудың  жаңа  мiндеттерiн  нақты белгiлеп бердi. Осы мiндеттi iске асыру ұстаздарға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Биыл да болашақ өзгерістер жолындағы лайықты бастамашыл жыл болары сөзсіз, – дейді ректор. Шара одан әрі мерекелік қойылыммен жалғасты.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз