Жарнама
Білім

«Біздің таланттар» марапатталды

Облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов «Біздің таланттар»  конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттады.

– Биылғы атаулы жылда ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Таяуда Атырау облысында алғаш рет ерекше балаларға арналған фестиваль ұйымдастырылды. Ата-ана және қоғам болып ерекше балалардың қалаған ісімен еркін айналысып, қоршаған ортаны тануына, олардың өзін толыққанды сезінуіне көмектесіп, оларға жағдай жасау міндетіміз. Облыста  ерекше қабілеті бар  3-18 жас  аралығында өткен «Біздің таланттар» байқауы өз мәресіне жетті. Қатысушылар жоғарғы деңгейде өз өнерлерін ортаға салды, — деген Нариман Бақытұлы жас өнер тарландарына жүлделерін табыстады.

«Алтын дауыс», «Үздік декламатор», «Кішкентай биші», «Бастауыш әртіс» (театрлық қойылым), «Оркестр», «Бармағынан бал тамған» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Ал, I дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне қатысып, облыстың абыройын асқақтататын болады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button