Жарнама
Білім

АЛДА – ҮЛКЕН СЫН

 

Ерекше қабілетті, дарынды деп танылған балалар білім алатын бұл мектептің оқушылары республикалық, халықаралық білім сайыстарында топ жарып, көзге түсіп жүр. «Соңғы қоңырау» салтанатында түлектерді салтанатты түрде шығарып салған гимназия директоры Нұрлыбек Дауымов шәкірттердің жеткен жетістіктері ең алдымен осы ұжымда қызмет атқаратын ұстаздардың еңбегі екендігін ерекше атап өтті.

«Түлектерімізді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ол  –  он бір жыл алған білімдерінің нәтижесін көрсететін Ұлттық бірыңғай тестілеу. Бұл сыннан сүрінбей өткен шәкірт қана арманына қол жеткізіп, қалаған мамандығы бойынша білімін жалғастырады. Ендеше, біз түлектерімізге сәт сапар тілейміз», — деген ол үш ай демалыстан соң ұлттық гимназия оқушылары үшін алғашқы қоңырау жаңа ғимаратта соғылатынын айтты.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button