Жарнама
Білім

Атырауда екі инновациялық Binom School ашылды (ФОТО)

Мектептерге Дінмұхамед Қонаев (Сарыарқа шағын ауданында) және әл-Фараби (Нұрсая шағын ауданында) есімдері берілді.

3j2a0607

Атырау қаласында BINOM мектептерінің ашылуына байланысты қалалық №2, 3, 16, 17 мектептердегі  оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымда оқу мәселелері шешілді. Мектептер қаланың қарқынды дамып жатқан және халық тығыз орналасқан аудандарында салынды.

3j2a0656

Еліміздегі ең үлкен мектептер желісінің қатарына енген заманауи білім ордасының оқу жылына дайындық барысымен облыс әкімі Серік Шәпкенов танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

— Мұғалім — мектептің жүрегі. Қазақстанның қандай қоғам боларын сіздердің істеген еңбектеріңізге қарап айта аламыз. Шәкірттеріңіз бәсекеге қабілетті болса — сіздің еңбектеріңіз. Сонымен қатар, ұжымда ұстаздық қызметте алғаш еңбек жолын бастап жатқан жас мамандар да бар екен. Алдағы қызметтеріңізге абырой тілеймін! Әрқашан шәкірттеріңіз мақтанышыңызға айналып, атыңызды оздырсын! Осы мектеп ашылғалы мұнда білім алуға ниеттенгендер қатары көбейді. Білім сапасын көтеру, балаларға толыққанды жағдай жасау үшін тағы да екі Binom мектебін ашу туралы шешім қабылданды. Бұл мектепте барлық мүмкіндік бар. Соған сай мектеп те үздіктердің бірі болуы қажет. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шәкірт тәрбиеленіп, Атыраудың атын халықаралық, республикалық деңгейге танытарыңызға сенемін! —  деді С.Шәпкенов.

3j2a2088

Аумағы 22 мың шаршы метрді құрайтын мектептерде 94 кабинет, оның ішінде физика, химия, биология бойынша 6 кеңейтілген зертхана және зертханалық бөлмелері бар. 8 информатика кабинеті, 2 спортзал, хореография залы, 48 орындық мультимедиа сыныбы, 50 орындық кинозал, 300 орындық акт залы, ойын бөлмелері, кітапхана, 75 орындық моноблогы бар  «Таным» шығармашылық технологиялар орталығы, асхана және медициналық пункт атыраулық оқушылардың игілігіне қызмет етеді.  

Пішіндер мен материалдармен шығармашылық эксперименттер үшін мектептерде 3D-принтер, металл және ағаш ою шеберханалары, мата өңдеу мен технология шеберханалары, аспаздық шеберханалар, робототехника кабинеті және «Steam» білім беру кабинеті, әр оқушыға арналған жеке локерлер бар.

3j2a0665

Мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқу ортасы жасалған. Ғимараттар жеделсатымен және пандустармен жабдықталған, ал үстелдер қажетті биіктік бойынша реттеледі. Әр қабатта оқыс жағдайларда қызметкерлерді шақыру батырмасы бар.

Оқушылардың қауіпсіздігі BINOM мектептерінде ерекше басымдыққа ие. Мектепте кіші және жоғары сыныптар үшін бөлек биометриялық турникеттерден кіруді басқару жүйесі бар екі БӨП (КПП) бар. Сондықтан бөгде адамдар мектеп аумағына кіре алмайды.

3j2a2157

Сондай-ақ, 10 000 дана кітабы бар кітапхана жасалған. Облыс әкімі мектеп жұмысымен таныса келе, тілек кітапшасына жазба қалдырды.

— Сіздерді заманауи білім ордасының ашылуымен құттықтаймын. Игі істеріңізге табыс пен абыройлы қызмет тілеймін. Binom мектебінен елімізге танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері шығарына сенімдімін. «Бала — бауыр етің» демекші, мұнда тәрбиеленуші әр шәкірттің болашағы жарқын болсын! Сәттілік! -делінген құттықтау хатта.

3j2a2518

Мұнда балалар тегін білім алады. Әр мектепте 4000 білім алушы (бір сыныпта – 25 бала), қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда білім алады.

BINOM мектептері үшін мұғалімдерді іріктеу Jumys Smart Nation ірі интернет-платформасында өтті. Соның нәтижесінде екі кезеңдік конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша атыраулық BINOM мектептеріне еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық педагог шақырылды.

BINOM SCHOOL – «Қаржы орталығы» АҚ  жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері арқылы «BI Group» компаниясы мен Атырау облысы әкімдігі арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып жатқан білім беру саласындағы бірегей жоба.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button