Жарнама
Білім

АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРГЕН АЛТЫН ҰЯ

 

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім саласына қаншалықты көңіл бөліп отырғанын бүгінгі осы мектептің жаңа кезеңге қадам басқанынан, адам танымастай өзгергенінен-ақ көруге болады. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа жасап отырған жағдайы, қамқорлығы деп түсініңіздер. Биыл облыс бойынша 100 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығынан аттап, жаңа оқу жылына қадам басып отыр. Оқушыларға сәттілік тілеймін, — деген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан аймақта 27 білім беру ошағы күрделі жөндеуден өтіп, қаржыландырудың екі есеге ұлғайып, оқулықтардың жеткілікті дәрежеде алынғанын айтты. Ол 1 сынып оқушыларына Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» оқулығын табыстады.

Мектеп директоры Болатбай Нұрғалиевтен білгеніміздей, 280 орынды білім ордасында 230 оқушы білім алады. Ағымдағы жылы оқу ордасына 88 миллион теңгеге күрделі жөндеу жасалып, 2 миллион 600 мың теңге қаражатқа жиһаз алынған. Оның ішінде, үш интерактивті тақта мен екі бірдей жылжымалы мультимедиялық құрылғының ұстаздар мен оқушылар үшін маңызы зор. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында төрт жоғары санатты, үш І санатты мұғалім жұмысқа алынса, екі жас маман алғаш еңбек жолын аталмыш мектепте бастағалы отыр. Мұнда 240 орындық асхана да салынған. Айта кетелік, бұған дейін негізгі мектеп болып жұмыс жасап келген оқу орны жаңа оқу жылынан бастап орта мектепке айналды.

 Білім күніне арналған салтанатты шарада Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев та шәкірттердің егемен елдің абыройын асқақтатар азамат болып өсулеріне тілек білдірді.

 «Сыңғырла қоңырау» салтанатында сөз сөйлеген ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Тәрбие Базарғалиева 1967 жылы институт бітіріп келіп, 45 жыл үзбей еңбек еткен білім ошағының жаңа оқу жылында күрделі жөндеуден өтуіне жағдай жасаған Мемлекет басшысына, сондай-ақ, облыс әкіміне алғысын білдірді. Бұл тілекке жас маман Күнсұлу Амангелдиева мен 8 сынып оқушысы Жаңылсын Ерғалиевалар да қосылды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button