Жылыой ауданында карантин шектеулері жеңілдетіле бастайды

Аудан хабарлары Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/9 маусым, 2020 жыл. Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуалды толық тұрақтандыру мақсатында карантин мен шектеу шаралары сақталып отыр.

Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллин карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы жаңа қаулы қабылдады. Мақсат – тұрғындар мен бизнес өкілдері үшін маңызды нысандардың қызметін қамтамасыз ету.

10 маусым 2020 жылы сағат 07.00-ден бастап өндірістік мекемелер, ірі құрылыс дүкендері, көлік саласындағы компаниялар, қойма, ауылшаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар жұмысын бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, азық-түлік базарларының, гипер-супермаркеттердің, ірі азық-түлік дүкендері, сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендері жұмысына рұқсат беріледі.

Жұмыс тәртібі 09.00-18.00 аралығында.

Көппәтерлі тұрғын үйлерде және тұрғын үй алабында орналасқан дүкендер жұмысына 06.00-22.00 аралығында рұқсат етіледі.
Бас санитарлық дәрігер бұл нысандар жұмысында санитарлық-дезинфекциялық тәртіп қатаң сақталу керек екенін атап өтті.
Қоғамдық тамақтану нысандары үйге дейін жеткізу және өзімен алып кету қызметі түрінде сағат 22.00-ге дейін жұмыс істей бастайды.

ХҚКО тек заңды тұлғалар үшін жұмыс істейді.

Талғат Хабибуллиннің айтуынша, жоғарыда көрсетілген  және мекемелер мен ұйымдарға кезең-кезеңмен рұқсат етілген қызмет түрлерінен басқалары карантин мен шектеу шаралары кезінде тоқтатыла тұрады.

– Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантин шараларын қатайту құқығын өзіме қалдырамын,-деп атап өтті Т.Хабибуллин.

  • Жылыой ауданында карантин шараларын жеңілдету кезең-кезеңмен жүргізіледі деп жоспарлануда, бұл эпидемиологиялық ахуалды төмендетпеу үшін маңызды болып отыр.

“Atr-Ақпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған