Үй қамаққа алынған генерал-майордың кім екені белгілі болды

EGOV Жаңалықтар Қылмыс

Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. Қазақстан Қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Көпбаев үйқамақта отыр.

Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады.

«2020 жылдың 31 қаңтарында Қ.Р.Көпбаевқа қатысты 28 наурызға дейін үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды», — деп мәлімдеді соттан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, департамент басшысына қол астындағы қызметкерлерден жалпы қамқорлығы және қызмет бабымен көтергені үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алған деген айып тағылды.

«Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді», — деп мәлімдеді агенттіктен.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі генерал-майордың аты-жөнін атамаған еді.

Дереккөз: https://jasqazaq.kz/



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған