Тіл үйірер тәттілер

101 Жаңалықтар

Бүгінде әлемде азық-түлік тапшылығын жою, неғұрлым құнарлы, табиғи өнімді пайдалана білу күн тәртібіне өткір қойылып отырғаны белгілі. Осыған орай, елімізде бірқатар бағдарлама қабылданып, мемлекет тарапынан қолдау да жасалуда.

101

Ел Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының игілігін сезініп, өз кәсібіне қолдау тапқан кәсіпкер Жанат Төленова жақында нан өнімдерін шығаратын цехын ашты. Нысанның ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Мүсепов жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, кәсіпкерге жылы лебізін білдірді.

Заман талабына сай жабдықталған цехқа келушілер толастар емес. Жанат пісірген тәтті торттар, өзге де нан өнімдері мақаттықтардың дастархан мәзірін толтырып, көп көңілінен шыға бастады.

Г.САЛЫҚОВА,

Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз