Ватсапта қауіпті ойын туралы ақпарат тарады

para Жаңалықтар

Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне орналастырдық, – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us («Біздің арамызда») ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне «жиналған» ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

«Sputnik Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз