Теңіз деңгейі шекті белгіден төмен түсуі ықтимал

357099c99f819aa3580c4fa4eb7873fd Жаңалықтар

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратқа сәйкес – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,62 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,60 м дейін төмендеп, минус 28,01 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.

Кәсіпорынның ресми сайтында: «Каспий теңізінің деңгейіне әр апта сайын болжам жасалады. 06-11 тамыз аралығында Пешной метеостанциясы ауданында теңіз деңгейі шекті белгіден төмен түседі деп күтілуде!«, деген ақпарат таратылды.

Метеорологтардың 22 шілде мен 3 тамыз аралығындағы теңіздің су бетінің нақты жай-күйі болжамға сәйкес болған.

Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтында ұсынылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз