Санитарлық талаптар неге сақталмайды?

121468581 1072393873195278 3036230169593438201 n Білім

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Атырау облысы әкімдігінде COVID – 19-дың келесі кезеңінің алдын алу, қазіргі санитарлық ахуал туралы отырыс болып өтті.

Жиында мектептер жағдайы мен кәсіпкерлік бағыты талқыға салынды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуы бойынша, облыс бойынша, 196 мектеп болса, қазіргі таңда 23 мың оқушы мектепке баруда. Аталған білім ошақтарын зерделеген мониторингтік топ кейбір мектептерде санитарлық талаптар бойынша бірқатар олқылықтар бар екендігін жеткізді. Айталық, санитарлық құралдардың жоқтығы, тіркеу журналдары мен медициналық маскалардың болмауы аурудан сақтану шараларының әлсіздігін көрсетеді.

«Ата-аналар балаларын білім алсын деп сеніп тапсырды, олай болса мектеп директорлары мен бірінші басшылық жауапкершілікпен қарау керек, бұл халықтың аманаты»,- деді Б.Хаменова.

Мектептер басшылары қазіргі сәтте аталған кемшіліктер жойылғанын, алдағы уақытта аталған қателіктерге жол берілмейтініне уәде берді. Өз кезегінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов та кәсіпкерлерді қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамауға шақырды.

Сонымен қатар, мониторингтік топ алдағы күндері рейд кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі өкілдерді қосуға ұсыныс айтты. Өйткені, көптеген нысандардың есігін ашқызу қиындық тудыруда екен.

Жиын соңында жауапты тұлғаларға аталған кемшіліктерді жойып, ауру күшейіп кеткен жағдайда сақадай-сай болуды тапсырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз