Референдум: Келушілердің көпшілігі – орта жастағылар

img 20220605 wa0182 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы №87 референдум учаскесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық жағдай жасалған.

Сондай санаттағы Сүйінбике Еламанова есімді қала тұрғыны қызымен бірге дауыс беруге келген.

«Ең алғашқы дауыс беруші учаске ашылған бойда келді. Қазірдің өзінде дауыс бергендер саны 50-ге жуықтады. Реформаның мән-маңызын терең түсінген халық белсенді қатысуда. Кешке дейін учаскеде тіркелген 2318 дауыс берушінің белсенді боларына сенімдіміз. Келушілердің көпшілігі орта жастағылар» дейді №87 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Тойған Әбуғалиева.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз