Қазақстандық компаниялар қытайлық мамандардан бас тартты

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Бұған ҚХР-ын жайлаған аса қатерлі вирус себеп болып отыр.

​ Бейресми деректерден белгілі болғаны – таяу арада Атырауға Қытайдан 9 маман келуі тиіс еді. Москва арқылы келетін Қытай азаматтарын Атыраудағы біздің үш компания күтіп отырған болатын.

Алайда, ҚХР-да ​ коронавирустың жаңа түрінен пайда болған пневмония етек алуына байланысты, бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстанда санитарлық бақылау шаралары күшейтілді.

​Денсаулық ахуалына қарамастан, ҚХР-нан келетіндер 14 күн бойы медициналық бақылауда болуы тиіс.

​- Бүгінде Қытайдың өзі орасан зор карантин аумағына айналды. Осы жағдайды ескере отырып, қазақстандық компаниялар қытайлық мамандардың қызметінен бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туындауы мүмкін қауіп-қатерден сақтану үшін жасалды,-деді «Мәтен Петролеум»-нің ОТД ТБ бөлімінің бастығы Темірбек Қайырғалиев.

​Облыс аумағына қытай азаматтарының келуі туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түрлі қауесет тарауына байланысты, Атырау облысының әкімдігі тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпаратқа сенуге шақырады. ​ ​

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған