Қатыгез жастар күшікті тірілей өртеп, видео түсірді

ATR.TV Жаңалықтар Қоғам Құқық

Аtr.kz/4 маусым, 2020 жыл. Күннен-күнге қоғам қатыгез болып бара жатыр...

Кеше ғана атыраулық тұрғын өз итінің басын тоңазытқыштың есігіне қыстырып қинаған еді. Ал, Петропавл тұрғыны төрт аяқты досын төртінші қабаттан лақтырып жіберді. Ресейде де жас қыздың қапқа мысық салып, оны өзенге лақытырып жіберген бейнежазбасы көпшіліктің наразылығын тудырған болатын.

Енді әлеуметтік желі мен мессенджерлерде қазақ жастарының қапшық ішіне салынған күшіктің үстіне жанармай құйып, от қойып өртеген видеосы тарап жатыр. Біз мұны сайтқа жарияламағанды жөн көрдік. Әйтпесе, бейнежазба оқырмандардың психикасына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бейресми ақпарат бойынша бұл оқиға Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында орын алған. Әзірге мәселенің толық мән-жайы белгісіз. Істің ақ-қарасы анықталып жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған