Ауаны улағаны үшін 1 млрд 281 млн теңге айыппұл төледі

200602130157350a3656870i Жаңалықтар

Аtr.kz/4 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында «Ембімұнайгаз» АҚ-нан 1,3 млн текше метр газды заңсыз жаққаны үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды .

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қондырғылардағы факелдерде 1,3 млн текше метрден астам газды заңсыз жаққаны анықталды. Газ құрамында күкірттің құрамы көп болған. Прокурорлық қадағалау іс-шарасының нәтижесінде өкілетті органмен мемлекет пайдасына қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді»,- деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Сондай-ақ, «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС-нен өкілетті органмен қоршаған ортаға рұқсат етілмеген эмиссия үшін салықтық төлем ретінде 153,1 млн теңге өндірілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз