Палаткадағы өмір: Атырауда блок посттарда қызмет еткен әскерилер туралы ролик түсірілді (+ ВИДЕО)

img 20200514 wa0240 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/14 мамыр, 2020 жыл. Атырауда блок посттарда қызмет еткен сарбаздардың барлығынан тест алынды.

«Төтенше жағдай режимі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Атырауда жергілікті әскери гарнизоннан 200 әскер тартылды» деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.


41 430 әскери бөлімінің аға офицері, майор, Ақылбек Әлжановтың айтуынша, блок бекеттерде әскерилер екі ауысымда қызмет еткен.
«Оның ішінде, әр ауысымда 28 адамнан барлығы 54 сарбаз жұмылдырылды. Блок бекеттерде біз төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз еттік» дейді аға офицер.


Әскерилерден коронавирус инфекциясына ПЦР тест сынамалары Атырау қалалық №3 емханасында алынды.


Аталмыш емхананың эпидемиологы Абзал Дүйсеновтің айтуынша, блок постта тұрған әскери мамандардың барлығынан тест алынды.
«Covid-19 инфекциясына мұрын жұғындысынан сынама алып, зерттеуге жолдап жатырмыз. 10-13 мамыр аралығында 204 адамнан тест алу жоспарланған еді. Анализ қорытындысы бір тәуліктің ішінде дайын болады.

img 20200514 wa0241


Арнайы оқшауланған бөлімде мамандар үздіксіз сынама алып, адамдарды қабылдап жатыр» дейді Абзал Дүйсенов.

img 20200514 wa0243 1
img 20200514 wa0244

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз